9 мамыр – даңқ, ерлік және қаһармандық күні. Шын жүректен Сіздерді Жеңіс күнімен құттықтап, қан майдан мен тыл даласында болашақ ұрпақтың азаттығы мен бақытты келешегі үшін күрескен барша батырларымызға құрмет білдіреміз.

Жарқын мереке күнінде ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлеріне, соғыс балаларына мықты денсаулық, бақуатты ұзақ өмір, ал олардың ұрпақтарына – аталарына қамқор болып, батырлар жайлы естеліктерді жаңғыртып отыруды тілейміз.

Игі тілекпен, «ОАЭК» АҚ