Құрбан айт – мұсылмандардың жыл сайынғы мерекесі, ол Меккеге жасалатын қажылық сапарының аяқталуын білдіреді. Бұл мереке ерте ғасырлардан бері халық бірлігін бекемдеп, жақсылық пен мейірімділікке шақырады. Бұл күнгі құрбан шалу рәсімі Жаратқанға алғыс айту мен әрбір мұсылманның өз міндетін орындауы болып саналады.

Біздің Қазақстанымызға Жаратушы ынтымақ пен береке сыйласын! Бәріміздің игі тілектеріміз орындалғай! Баршаңызға денсаулық, тыныштық, отбасыларыңызға береке тілейміз!

Ізгі тілекпен, «ОАЭК» АҚ