2013 жылғы «Эксперт-200-Қазақстан» рейтингінің нәтижесіне сәйкес, «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ «Қазақстанның ірі энергетикалық компаниясы» болып танылды.
Қазақстанның ірі компанияларын салтанатты түрде марапаттау рәсімі 2014 жылғы 14 қараша күні Астана қаласында «Эксперт-200-Қазақстан» ұлттық бизнестің VI Экономикалық форумы аясында өткізілді.
«ОАЭК» АҚ Қазақстанның жетекші компанияларының бірі болып табылады. Өткен жыл қорытындысы бойынша, біздің активтеріміз 160 млрд теңгені құрады. Активтердің өсімі Компанияның өзіндік және қарызға алған қаражаттары арқасында жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалары мен мемлекеттік шекті тарифтер бағдарламасына байланысты болып отыр», – деп атап өтті «ОАЭК» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Александр Клебанов салтанатты рәсім барысында.
Айта кету керек, «ОАЭК» АҚ құрамына Қазақстан аймақтарындағы тігінен интеграцияланған компаниялар – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ кіреді, олар энергиямен қамтудың барлық саласы – генерация, тасымал және өткізуді қамтамасыз етеді. Астана қаласында Компания өткізуші құрылым – «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС-ін бақылайды. «ОАЭК» АҚ акционерлерінің құрамына – «Орталық-Азия отын-энергетикалық компаниясы» АҚ және халықаралық даму институттары: Еуропа Қайта құру және Даму Банкі мен Ислам инфрақұрылым қоры кіреді.