Алматы қ.  20 қаңтар 2014 жыл

2013 жылы «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ-на кіретін кәсіпорындар 6 137,4 млн. кВт/с электр энергиясын өндірді. Электр станциялардан босатылған энергия 5 253,5 млн кВт/с құрап, босатылған жылу энергиясы 6 131,7 мың Гкал құрады. Электр энергиясы өндіріс көлемінің өсімі 2012 жылмен салыстырғанда 10,1 %-ды құрап, босатылған пайдалы электр энергиясы 12,3 %-ға өсті.

2013 жылғы өндірістік қуаттың артуы мен өндіріс көлемінің өсімі «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ-ның жалпы бюджеті 1 млрд. АҚШ долларын құрайтын 2009-2018 жылдарға арналған өндірістік қорларды қайта құру, жаңалау және жаңғырту кең ауқымды инвестициялық бағдарламасы аясындағы жобаларды сәтті жүзеге асыруының нәтижесінде мүмкін болды. Инвестициялардың жалпы көлемі 2013 жылы 24 млрд. теңгені құрады.

Аталған бағдарлама аясында «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2013 жылғы желтоқсанда Петропавл 2-ЖЭО №4 станцияда қуаттылығы 63 МВт  жаң турбоагрегатты іске қосты. Нәтижесінде электр энергиясының қосымша өндірісі жылына 388,8 млн. кВт/с-қа жетті. Инвестицияның жалпы көлемі – 6,1 млрд. теңгеден астам. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етудің сенімділігі мен сапасын арттыруға, отынның үлестік шығынын босатылған энергияның бірлігіне дейін және қоршаған ортаға зиянды заттардың бөлінуін төмендетуге мүмкіндік берді. 

2013 жылы сондай-ақ Петропавл 2-ЖЭО-нда алдағы 20 жыл бойына күл, шлак қалдықтарын қоршаған ортаға зиянын тигізбестен үздіксіз өткізіп, қоймалауды қамтамасыз ететін №2 күл аулағыштың құрылысы бойынша жоба аяқталды. Инвестициялардың жалпы құны 3,3 млрд. теңгеден астам қаржыны құрады.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 2013 жылы Павлодар 2-ЖЭО, 3-ЖЭО және Екібастұз ЖЭО-ндағы барлық қазандық агрегаттарда күл аулағыштарды қайта құру жобаларын толықтай аяқтады. Осының арқасында түтін газдарын күлден тазарту деңгейі 97 %-дан 99,5 %-ға артып, күлдің жылдық шығарылымы 2008 жылмен (қайта құру жұмыстары басталған жыл) салыстырғанда 5 есе қысқарды. Павлодар 3-ЖЭО №2 станциясында қуаттылығы 75 МВт турбоагрегатты монтаждау жұмыстары басталды.

2013 жылы «ОАЭК» АҚ-ның экологияны қорғау саласындағы еңбегі мемлекеттік деңгейде еленді. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ «Парыз-2013» сыйлығының «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша алтын лауреат атанды. Бұл – компания тарапынан зиянды шығарылымдарды азайту, өндіріс қалдықтарын жою, сондай-ақ, жер ресурстарынқорғау және аумақты көгалдандыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың заңды нәтижесі.

Корпорация 2014 жылы жалпы құны 26,8 млрд. теңге инвестициялық бағдарламаны атқаруды жалғастырмақ. Оның 2014 жылға арналған жоспарында электр энергиясы өндірісін 4,3 %-ға, жылу энергиясын 11,2 %-ға арттыру межесі бар.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бойынша №2 станцияның жаңа турбоагрегатын монтаждау жұмыстарын жалғастыру, 3-ЖЭО №5 станциясында қуаттылығы 120 МВт турбоагрегатты толық ауқымда қайта құру жоспарланған. Павлодар 2-ЖЭО және 3-ЖЭО күл аулағыштары екінші кезегінің құрылыс жұмыстары жалғасып, Екібастұз ЖЭО күл аулағышы мен Павлодар 3-ЖЭО №5 градирнясының құрылысы басталады.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бойынша 2014 жылы бу бойынша өндірісті сағатына 270 тоннаға арттырып, сенімділік пен станция жұмысының үнемділігін арттыратын №8 жаңа қазандық агрегатты іске қосуды жоспарлап отыр.

Анықтама:
«Орталық-Азия электроэнергетикалық Корпорациясы» акционерлік қоғамы – вертикалды түрде біріктірілген энергетикалық компания. Қазақстанның аймағындағы еншілес компанияларының қатарына қуатпен қамсыздандырудың барлық буыны – генерациялау, тасымалдау және өткізуді қамтитын «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жатады. «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС арқылы «ОАЭК» АҚ Астана қаласындағы өткізу құрылымын қадағалайды. 2014 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, «ОАЭК» АҚ-ның белгіленген қуаты электр энергиясы бойынша – 1061 МВт, жылу энергиясы бойынша – 2 895 Гкал/сағ құрады. Электр қуатын беру желілерінің жалпы ұзындығы – 30 мың шақырымнан астам, жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 985 шақырым. Компания екі миллионнан астам адамды электр және жылу қуатымен қамтамасыз етеді.

Қосымша ақпарат алу үшін:
Арина Пирогова
Нұрболат Аманжолов
«ОАЭК» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Тел. +7 (727) 258 49 41
Ұялы  тел. +7 701 608 80 79, +7 701 749 63 68

a.pirogova@energy.kz
n.amanzholov@energy.kz
www.caepco.kz