RAEX («Эксперт РА Қазақстан») рейтинг агенттігі өткізген V жылдық есептер байқауының қорытындысы бойынша «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ 7-орын алды. Корпорация жылдық есебінің баға өсімі өткен жылмен салыстырғанда, 11% құрады.
Сондай-ақ, аталған байқау қорытындысы бойынша, Корпорацияның еншілес компаниялары – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ тиісінше 8 және 9 орын алып, өз жылдық есептерін өткен жылмен салыстырғанда, жақсартқанын байқатты.
«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ жылдық есебі нарыққа талдау бөлімі бойынша үздік танылса, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ өткен жыл қорытындысы бойынша бөлімді өте жақсы әзірлеген.