«ОАЭК» АҚ ірі акционері – «Орталық-Азия отын-энергетикалық компаниясы» АҚ 2015 жылдың тамызында Forbes Kazakhstan журналының нұсқасы бойынша қазақстандық жедел дамушы компаниялар қатарына енді.
2011-2014 жылдар қорытындысы бойынша ретингті әзірлеу үшін басылым 250 қазақстандық кәсіпорынды зерттеп, топ-25 «бөкен» компанияны, яғни ұзақмерзімді және жедел даму қарқынын көрсетіп жүрген кәсіпорындарды іріктеген.
Компанияларды таңдау бірнеше критерий бойынша жүргізілді: компания өз қызметін 4 жылдан кем емес уақыт жүргізуі, халықаралық корпорация бөлігі болмауы тиіс және зерттеуге алынған кезеңдегі ең төменгі жылдық табыс/сатылым/кіріс деңгейі 45%-дан кем болмауы керек.
Қазақстандық «бөкендер» қатарында «ОАОЭК» АҚ-мен бірге қаржылық мекемелер, девелоперлер, құрылыс және өндірістік компаниялар аталған.
Рейтинг жөніндегі толық ақпарат мұнда.