«ОАЭК» АҚ еншілес кәсіпорны «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 2024 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның қорытындысын шығарды. Компания акционерлік қоғамның құрамына кіретін кәсіпорындарды жаңғырту мен дамытуға қомақты қаражат салды. 2,7 млрд теңге 2024 жылы Павлодар 2-ЖЭО және 3-ЖЭО қазандық агрегаттарын реконструкциялауға және күл үйіндісін салуға инвестицияланды.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ инвестициялық жобаларының ішінде 2-ЖЭО-ның №4, 5 және ЖЭО-3-тің №1, 3, 5 қазандық агрегаттарын ауа жылытқышының текшелерін ауыстыра отырып, қайта жаңғырту маңызды орын алады. Бұл станциялардың тиімділігін арттыруға және қоршаған ортаға әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, ЖЭО-2 үшін екінші іске қосу кешенін түзете отырып, ЖЭО-3-те күл үйіндісінің үшінші кезегінің құрылысы аяқталды.

Жылу желілерін жаңарту

«Павлодар жылу желілері» ЖШС 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді. Жылу желілері объектілерін қайта жаңарту мен жаңғыртуға шамамен 3 млн теңге бағытталды. Бұл қаражат инвестициялық бағдарлама шеңберінде өз қаражаты есебінен де, «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы бойынша да тартылды. 

Маңызды жобалардың бірі №73 орталық жылу пунктіне айналдыра отырып, № 3 сорғы станциясын қайта жаңартуды аяқтау болды. Бұл жылу тасымалдағышты берудің гидравликалық режимін қалыпқа келтіруге және ағаш зауыты мен радио зауыты шағын аудандарының тұрғындарын жылумен жабдықтау сапасын едәуір жақсартуға, сондай-ақ жаңа тұтынушыларды қосуға мүмкіндік туғызды.

Электр желілік инфрақұрылымды дамыту

«Павлодар ЭТК» АҚ Павлодар облысының қалалары мен аудандарында жабдықтарды жаңғыртуға 3,18 млрд теңге бағыттап, 2024 жылға арналған инвестициялық бағдарламасын сәтті іске асырды.

Негізгі жоба қазіргі заманғы 110/10 кВ «Северная городская» қосалқы станциясының құрылысын аяқтау және «Промышленная» қосалқы станциясында қосымша екі ұяшықты орнату болды. Жаңа қосалқы станция қуаттылығы 40 МВА екі күштік трансформатормен жабдықталған. «Северная городская» қосалқы станциясын пайдалануға беру Павлодардың солтүстік-шығыс бөлігінің тұтынушыларын электрмен жабдықтау сапасын едәуір жақсартты және жаңа объектілерді қосу үшін қосымша қуаттарды қамтамасыз ете отырып, қалалық инфрақұрылымды дамыту үшін жаңа перспективалар ашты.

Сапалы қызмет көрсету

«Павлодарэнергосбыт» ЖШС Павлодар қаласын жылумен жабдықтаудың 126 мыңнан астам тұтынушысына қызмет көрсетеді. Компания жылу өндірушілері мен оның тұтынушыларын байланыстыратын есеп айырысу орталығы қызметін атқарады. Тұтынылған энергияға ақы төлеу бойынша есептеулерді дәл және сапалы жүргізу үшін «Павлодарэнергосбыт» ЖШС қызметкерлеріне арнайы бағдарламаларды қолдайтын заманауи жабдықтар қажет. 2024 жылы инвестициялық бағдарламаны іске асыру аясында «Павлодарэнергосбыт» ЖШС жаңа компьютерлік және көшірме техникасын, көпфункционалды құрылғыларды, кеңсе жиһаздарын сатып алды.

2024 жылғы жөндеу науқаны және инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде орындалған барлық іс-шаралар күзгі-қысқы кезеңде станция жабдығы жұмысының сенімділігін арттыруға, тұтынушыларды үздіксіз жылумен және электрмен жабдықтау үшін жағдайлар жасауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік-техникалық талаптарды орындауға бағытталған.