«ОАЭК» АҚ еншілес ұйымы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ барлық компаниялар тобы бойынша 2024 жылға арналған ауқымды инвестициялық бағдарламаның сәтті жүзеге асырылуы туралы хабарлайды. Өткізілген іс-шаралар кешені өндірістік қуаттарды айтарлықтай жаңартуға, тұтынушыларды жылу және электр энергиясымен жабдықтау сенімділігін арттыруға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Компания басшылығы бекітілген тарифтік сметалардың орындалуын және тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің сақталуын растады.

«2024 жылдың қорытындысы бойынша жылу энергиясын өндіру жөніндегі инвестициялық бағдарламаның нақты орындалуы 2,9 млрд теңгені құрады. Бұл қаражат Петропавл 2-ЖЭО-ның №3 және №6 қазандық агрегаттарының пик-қазанын ауыстыруға, №2 қазандық блогын қайта құруға, №9 қазандық агрегатын күрделі жөндеуге және №1 турбоагрегатты қайта жаңғыртуға арналған тауарлық-материалдық құндылықтардың бір бөлігін жеткізуге жұмсалды», - деп атап өтті Петропавл 2-ЖЭО-ның директоры Дмитрий Захаров.

Петропавл 2-ЖЭО-ның жылу жабдықтарын жөндеу науқаны барысында №1 қазандық агрегатына күрделі жөндеу жүргізілді, 9 қазандық агрегаты мен 5 турбоагрегатқа ағымдағы жөндеу жүргізілді, турбиналық және отын-көлік цехтарының жабдықтарына жөндеу жүргізілді, №2 турбоагрегаттың түйіспелі сақиналары ауыстырылды, сондай-ақ оның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін негізгі және қосалқы жабдыққа техникалық куәландыру жүргізілді.

Жылу желілерін жаңғырту

«Петропавл Жылу Желілері» ЖШС 2024 жылы тұтынушыларды тұрақты жылумен қамтамасыз ете отырып, өндірістік және инвестициялық бағдарламаларды сәтті орындады. 2024 жылы кәсіпорын 6,7 км магистральдық және тарату жылу желілерін жөндеп, 4,5 км құбырды оқшаулауды қалпына келтірді. Жоспар бойынша 86 150 бірлік бекіткіш арматураны ауыстырды, 33 жылу камерасы жөнделді, магистральдық сорғы станцияларында сорғы және электр қуаты жабдықтары ағымдағы жөндеуден өтті, электр қозғалтқыштары мен сорғылары сыналды, асфальт жабыны қалпына келтірілді.

Кәсіпорынның 2024 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы шеңберінде жалпы ұзындығы 1,5 км Сәтбаев көшесі бойынша № 3 жылу магистралін қайта жаңарту аяқталды, Ружейников көшесі бойынша №6 жылу магистралін қайта жаңарту жұмыстары басталды. № 1 сорғы станциясына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, онда электр цехының үй-жайы және сорғы жабдықтарының іргетасы бөлшектелді, электр цехының жаңа үй-жайы мен жаңа сорғы жабдығы монтаждалды, машина залында ішкі әрлеу жұмыстары орындалды, шатырды күрделі жөндеу жүргізілді, жаңа терезелер, есіктер мен қақпалар орнатылды, өрт дабылы, өртке қарсы сумен жабдықтау және жылыту монтажы орнатылды.

Электр желілік инфрақұрылымды дамыту

«Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ 2024 жылы электржелілік инфрақұрылымды жаңғыртуға және дамытуға 3,3 млрд теңге бөлді. 110, 35, 10 кВ әуе электр желілері қайта жаңғыртылды, облыстағы қосалқы станцияларда 35-110 кВ тарату құрылғылары ауыстырылды, 110 кВ «Тимирязево-Благовещенка» әуе желісіндегі найзағайдан қорғайтын кабель ауыстырылды. Петропавл қаласындағы 220/35/10 кВ «Смирново» қосалқы стансасын және № 11 110/10 кВ қосалқы станциясының 10 кВ тарату құрылғысын қайта жаңартуға материалдық құндылықтар сатып алынды. Барлық жұмыстар компанияның өз қаражатынан қаржыландырылды.

Сапалы қызмет көрсету

Тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Севказэнергосбыт» ЖШС жылумен жабдықтау қызметтері бойынша инвестициялық бағдарламасы аясында өз қаражаты есебінен (амортизациялық аударымдар мен пайда) жаңа компьютерлік және көшірме жабдықтарын, көп функционалды құрылғылар мен кеңсе жиһаздарын сатып алды. Бұл шаралар қызмет көрсету тиімділігін және клиенттермен өзара әрекеттесу ыңғайлылығын арттыруға бағытталған.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және оның еншілес кәсіпорындары өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту, тұрақты және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырады, бұл халықтың жайлы өмірі мен экономиканың тұрақты дамуы үшін негіз болып табылады.