30 наурыз күні Петропавл қаласына жасаған жұмыс сапары барысында СҚО әкімі Ерік Сұлтанов алты балабақшаның құрылыс жұмыстарымен танысты.
Рабочий қыстағындағы 320 орындық мектепке дейінгі оқу орнын салумен «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ айналысуда. Бүгінгі таңда мұнда орталық кәріз жүйесіне қосылу үшін қосымша құбыр бұру жұмыстары жүргізіліп, жаңғбыр суын ағызу жолдарын жасау аяқталған. Құрылыс барысында жергілікті өндірістің ең сапалы материалдары қолданылуда. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Бас директоры Леонид Ларичевтің айтуынша, балабақша жоспарға сәйкес осы жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілмек. Аймақ басшысы құрылысты 15 желтоқсанға дейін аяқтауды тапсырып, басшылыққа атқарылған жұмыстары үшін алғысын білдірді.
2015 жылы ғимараттарды салу мен қайта құру есебінен облыс орталығындағы балабақшаларда жаңа 1500 орын ашу көзделіп отыр. Жыл аяғына дейін балаларды мектепке дейінгі тәрбие берумен қамту облыс бойынша 96%, Петропавл қаласы бойынша 86%-ды құрайтын болады.