«ОАЭК» АҚ еншілес ұйымы – «Ақмола электр желілік үлестіру компаниясы» АҚ «TengriLab» ЖШС-мен бірге «SmartAqkol» когнитивті қаласы жобасының аясында 5 958 есеп құралын электр энергиясын коммерциялық есептеу автоматтандырылған жүйесімен (ЭКЕАЖ) біріктірілген құралдармен ауыстырды. Осылайша, бизнес-процестерді цифрландыру нәтижесінде қалада электр энергиясының тарифтерін төмендету мүмкін болды.
Жоба аясында 83 10/0,4 кВ трансорматор шағын станцияларында мәліметтерді жинау және беру құрылғысы монтаждалды, Павлодар қаласындағы мәліметтерді өңдеу орталығында серверлік қондырғы әзірленді, Ақкөл АЭЖ-нде ЭКЕАЖ операторының автоматтандырылған жұмыс орны ұйымдастырлды және жоғары жылдамдықты интернет желісі іске қосылды.
Аталған шаралар есеп құралдарынан мәліметті жедел алуға және үйішілік электр желілеріне заңсыз қосылудың алдын алуға мүмкіндік берді.
Осылайша, Ақкөл қаласында қаңтар үшін төлем түбіртегінде электр энергиясы есебі келесі тариф бойынша есептеледі:
- Заңды тұлғалар үшін 18,46 теңге - 1кВтс - 1,69 теңгеге төмендеу;
- Жеке тұлғалар үшін 14,21 теңге - 1кВтс - 1,3 теңгеге төмендеу.
Жалпы тарифтің төмендеу үлесі - 8,4%.
Айта кету керек, электр энергиясын коммерциялық есептеу автоматтандырылған жүйесі «Ақмола ЭҮК» АҚ-ның өз есебінен қаржыландырылды.