Биыл «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Павлодар 2-ЖЭО-да негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу және жаңғыртуға 15 млрд. теңгеден астам қаражатты іске асыру жоспарланған. Оның ішінде инвестициялық жобаларға шамамен 10,4 млрд. теңге бөлінеді, сонымен қатар 4,6 млрд. теңге жөндеу бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын болады.
1961 жылы пайдалануға берілген Павлодар 2-ЖЭО қаланың ең көне станциясы болып табылады. Осы жылдар ішінде ол электр және жылу энергиясын өндіруді тұрақты түрде қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде объект ауқымды қайта құрылымдау сатысында.
Жүйелік тәсіл мен жыл сайынғы күрделі жөндеудің арқасында соңғы үш жылда тозу деңгейі 69,6%-ға дейін төмендеді. 2026 жылға арналған жұмыс жоспары тозу деңгейін одан әрі төмендетуге бағытталған. Жұмыс кестесі жабдықтарды жөндеу тұтынушыларға үздіксіз қызмет көрсетуге кедергі келітрмейтіндей етіп жасалған.
2026 жылы Павлодар 2-ЖЭО-да екі қазандық агрегаты мен бір турбоагрегатқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл ретте бірінші қазандық агрегаты 15 наурызда күрделі жөндеуге шығарылады.
«2026 жыл № 1 турбоагрегатты қайта құрылымдаудың бастапқы нүктесі болады. Биыл турбинаны ауыстыру жобасын әзірлеу және бөлшектеуден бастап іске қосуға дейінгі жұмыстардың толық кезеңін орындау үшін мердігерді анықтау жоспарлануда», - дейді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры Олег Щемель.
Жақын арада Павлодар 2-ЖЭО-да қазандық агрегаттарын автоматтандыруды бастау жоспарлануда. ТП АБЖ-ін (автоматтандырылған басқару жүйелерін) енгізу адам факторының әсерін азайтады және технологиялық іркілістерді ерте кезеңде болдырмау мүмкіндігін береді.
Жөндеу кампаниясының сәтті өтуінде қызметкерлердің біліктілігі маңызды рөл атқарады. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері үшін кәсіби өсу жүйесі құрылды: «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобының 3 мыңнан астам қызметкері жыл сайын өзінің оқу орталығының базасында оқытудан өтеді, кәсіби шеберлік конкурстары өткізіледі, жоғары оқу орындарында қызметкерлерді сырттай оқытуға қолдау көрсетіледі. Қазірдің өзінде жөндеуге қатысқан көптеген қызметкерлер оқытудан өтті, бұл күрделі технологиялық операцияларды мүмкіндігінше сапалы орындауға мүмкіндік береді.
Техникалық қайта жарақтандырумен бірге, 2-ЖЭО-да тұрмыстық жағдайларды ауқымды жаңарту жүріп жатыр. Әкімшілік корпусты, турбиналық цехты кезең-кезеңмен жөндеу, терезелерді ауыстыру, кабинеттерді, санитарлық тораптарды, душтарды жаңарту жүргізілуде.
Павлодар 2-ЖЭО қазандық цехы бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары Борис Камалетдинов бұл жұмыстардың маңыздылығын атап өтті: «Кәсіпқойлық пен толық қайтарым іс жүзінде адамға қамқорлық жасалатын жерде ғана мүмкін болады. Заманауи душ және жөнделген бөлмелер - өндірістегі күрделі ауысымнан кейін әр қызметкерге қажет жайлылық».
Жаңғырту, жөндеу науқаны және қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыс жоспары станцияның тұрақты және қауіпсіз жұмысына инвестиция болып табылады, Қала үшін бұл - сенімді энергиямен жабдықтаудың кепілі.
