Төрт студент «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның атаулы шәкіртақысының иегері атанды. Олардың арасында ИнЕУ студенті және Қ.Сәтпаев атындағы инженерлік-техникалық институтының Екібастұз колледжінің үш студенті. Олардың ғылыми жұмыстары кәсіпорында екінші рет өткізіліп жатқан байқауда ең үздік деп танылды.
Ғылыми жұмыстар байқауы дарынды әрі белсенді студенттерді қолдау мақсатымен «ОАЭК» АҚ және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО»АҚ ықпалымен ұйымдастырылды. Барлық қатысушылар — энергетикалық сала мамандығында күндізгі бөлімде оқитын үшінші курс студенттері. Іріктеу екі кезеңнен тұрды. Байқау финалына алты ғылыми жұмыс қатысты. Авторлар білікті қазылардың алдында өз жұмыстарын қорғады. Қазылар алқасының құрамын Олег Перфиловтың өзі басқарды.
Байқауға қатысушылар өндірістік қызметтегі ең өзекті мәселелерді қарастырды. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры Олег Перфилов студенттерге оқуда сәттілік тілеп, өз мақсаттарына нық қадаммен жетулерін тіледі.