«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ таза пайдасы І кварталда 7,6 млрд теңгені құрап, 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 29,5%-ға артты.
Компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігіне сәйкес, кіріс 37,7 млрд теңгені құраған, бұл өткен жылдың І кварталымен салыстырғанда 10,06%-ға артық.
Ағымдағы жыл басынан бері жиынтық активтер 1,74% немесе 283,98 млрд теңгеге ұлғайып, өзіндік капитал 5,85% немесе 137,21 млрд теңгеге өсті. Міндеттемелер 1,84% немесе 146,765 млрд теңгеге төмендеген.