ҚР Ақмола облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестерді және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті Департаментінің (ТМРКД) бастамасымен «АЭҮК» АҚ жүргізілген жаңғырту жұмыстары мен 2017 жылға инвестициялық міндеттемелерді орындау нәтижесі бойынша пресс-тур ұйымдастырды.
Шараға Ақмола облысы бойынша ТМРКД басшысының орынбасары Әсет Құрашев, Ақмола облыстық энергетика басқармасының бас маманы Жасқайрат Садықов, «АЭҮК» АҚ бас директорының Бірінші орынбасары Жанна Гислер, «АЭҮК» АҚ жөндеу жұмыстары бойынша бас инженерінің орынбасары Александр Сырвачев, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
«АЭҮК» АҚ-ның басты мақсаттарының бірі – жүктелген инвестициялық міндеттемелерді орындау, Өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында ТМРКД бекіткен коридор аясында бақыланатын және бақыланбайтын шығындар деңгейін орындау.
2017 жылға «АЭҮК» АҚ инвестициялық бағдарламасы толық көлемде орындалды. Қаржы желілер мен жабдықтарды жаңартуға, негізгі жабдықтардың тозуын азайтуға, қызмет көрсету сапасын, құрал-жабдықтардың жұмыс істеу сенімділігін арттыруға бағытталды.