Павлодар, Екібастұз және Петропавлда «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында жылу желілерін қайта қалпына келтіру жоспары бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
Жоба 2016 жылы Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрлігі мен «ОАЭК» АҚ арасындағы «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында қол қойылған үш жақты келісімге сәйкес орындалып жатыр.
Жұмыстар жылумен қамту сапасын және жылу энергиясын пайдалану тиімділігін көтеруге, сонымен қатар энергия тасымалы кезіндегі шығынды азайтуға бағытталған. Жобаны жүзеге асыру желілермен тарату кезінде жылу шығынының азаюы салдарынан көмір шығынын үнемдеу нәтижесінде экологиялық стандарттарды жақсартуға атсалысады. Қайта құру жоспары 25,95 млрд теңге жалпы бюджет қорымен 2016-2020 жылдарға есептелген. Қазіргі таңда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша желілерді жаңалау жоспарын іске асыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.
Павлодар мен Екібастұздағы жобалар
Екі қалада жылу желілерін қайта құру 2016 жылдан бері жалғасып келеді және 2018 жылы аяқталады. Павлодар мен Екібастұздағы жылумен қамту жүйесін жаңалауға 13,94 млрд теңге жұмсалады.
Осы жобаның аясында биыл Павлодарда №22 жылу торабының (ЖТ) 1,9 км қашықтық аймағында минерал мақта оқшаулауды пенополиуретан оқшаулауға айырбастау жүргізілді. Биылғы жылдың тамыз айының соңына қарай дәл осындай жұмысты № 37 ЖТ-ның 2,1 км қашықтығында жасау жоспарланған.
Екібастұзда биылғы жылдың сәуір айынан қашықтығы шамамен 2 километрдей болатын № 9 жылу торабын құрастыру жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда жұмыс аяқталуға жақын. Екібастұздағы жобалар бойынша ірі шаралардың бірі №7 ЖТ қайта қалпына келтіру болып табылады. Ол екі этапқа кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде орталық жылу тарату пунктінен 1,18 км қашықтықтағы жылу желісін айырбастау мен №1 жер үсті павильонын тұрғызу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар мұнда жылу желісінің 1,17 км қашықтықтығына жер үсті аумағын тұрғызу, № 2 жер үсті павильонын тұрғызу және біртіндеп №7 ЖТ-ға қосылады деген есеппен ілмекті арматура орнату. Бүгінге дейін 0,24 км жылу өткізу желісі жөнделді. Екінші кезеңге 1,14 км қашықтықтағы жылу желісінің жер үсті аумағын тұрғызу жұмысы кіреді.
Қайта қалпына келтіру жоспары бойынша Екібастұзда блоктық жылу пунктерін тұрғызу жүзеге асырылады. Қазіргі таңда «Севказэнергопроекттен» сипаттізім алынды. Жобалық-сметалық құжаттама жасау үшін электр желілеріне қосылуға техникалық шарттарға тапсырыс жасалды. Жоба Екібастұздың архитектура мен қала құрылысы бөлімшесінде қаралып жатыр. Қалада сонымен қатар жеке аумақтардан жылу желілерін шығару шаралары жүргізілуде.
Петропавлдағы жобалар
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында Петропавлдың жеті километрден астам жылу желісі жаңаланады. Инвестициялық қаражат биыл екі жылу торабы мен тарату желілерінің бір аумағын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жасауға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыстардың жалпы көлемі 2017 жылы 7,05 км құбыр желісін құрайды. Жалпы бұл мақсатта 3,884 млрд теңге бөлу жоспарланған.
Алтынсарин көшесі бойындағы № 1 жылу торабын қайта қалпына келтіру жұмыстары құбыр желісінің қазіргі диаметрін 700 мм-ден 1000 мм-ге дейін ұлғайтудан тұрады. Мұнда барлығы 2,87 км жылу трассасын айырбастайды. Мира көшесіндегі № 5 жылу торабын да 500 мм-ден 600 мм-ге дейін ұлғайту жоспарланған. Мұнда 2,95 км құбыр желісі айырбасталады. Бұл аумақтарда жұмыс басталып кетті және биылғы жылдың 15 қазанында аяқталады деп жоспарланған.
«Петропавл Жылу Желілері» ЖШС жоспары бойынша таяу уақытта Ульянов көшесіндегі тарату желілерін қайта қалпына келтіру басталады. Бұл аумақта 1,22 км құбыр желісінің диаметрін 250 мм-ден 300 мм-ге ұлғайта отырып айырбастау жоспарланған.
Жылу тораптарын қайта қалпына келтіру диаметрін ұлғайтудан өзге ескі құбырларды жаңасына, яғни заманауи технологиялар арқылы жасалғанына айырбастаудан тұрады. «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС жұмыс жасау кезінде алдын ала оқшауланған құбыр желісін пайдаланады.
Осы шараларды іске асыру жылу тораптарының сенімділігін арттырып, нормативтен жоғары шығынды азайтып қана қоймай, тозу деңгейін төмендетеді, ал мұның бәрі басты мақсат – жылу маусымында тұтынушыларды жылумен үздіксіз қамтуға мүмкіндік береді.