«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңесі ұлттық чемпиондар – Қазақстан орта кәсіпкерлігінің үздіктер тізімін жария етті. 15 чемпион компанияның қатарында – «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ (ОАЭК) бар.
ҰКП Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңесінің Сарапшылар тобы экономиканың 9 саласы бойынша үздіктерді іріктеді: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ сервисі, транспорт пен логистика, банктік емес қаржылар, тамақ өнеркәсібі, бөлшек сауда, технология, медиа және телекоммуникация.
Энергетика саласы бойынша лидерлік, жоғары нарықтық әлеует, ішкі инфрақұрылым сынды іріктеу талаптарына толық сәйкес келген «ОАЭК» АҚ үздік деп танылды.
Сарапшылар тобы мүшелерінің сөзінше, таңдалған компаниялар корпоративті даму сатысын әлдеқашан өткеріп қойған, оларға әкімлішік кедергілерге қатысты күнделікті мәселелер қауіп төндірмейді. Енді компаниялардың алдында өздерінің тәжірибесімен шағын бизнес өкілдерімен бөлісу жауапкершілігі тұр. Бұл мақсатта кәсіби білім мен ноу-хауды тарату, шетелдік инвестиция мен технологияларды тартуда чемпиондардың сараптамасын пайдалану және нарықтық институттарды құруда олардың тәжірибесі мен ресурстарын қолдану үшін арнайы Орталық құру жоспарлануда.
Анықтама: «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ (ОАЭК) – тігінен біріктірілген энергетикалық компания. Қазақстан аймақтарындағы еншілес кәсіпорындары – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қуатпен қамсыздандырудың барлық буындарын – генерациялауды, тасымалдауды және өткізуді қамтиды. Астана қаласында өткізуші құрылым – «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС, Ақмола облысында «АЭҮК» АҚ бақылайды.
Орта кәсіпкерліктің ұлттық чемпиондары жайлы толыққанды материалды мына жерден оқи аласыздар.