Орталық-Азия электрэнергетикалық корпорациясы (ОАЭК) 2017 жылдың қаңтар-маусым аралығында 11,9 млрд теңге (325,56/$1 бағаммен) мөлшерінде таза табыс тапты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге көп, делінген ҚЕХС бойынша шоғырландырылған қаржылық есеп-қисабында. 

Салық салуға дейінгі есепті кезеңдегі табыс 13,2 млрд теңгеге, 1,5 есе артты, жалпы пайда 18,96 млрд теңгеге, 16%-ға артты, кіріс – 68,98 млрд теңгеге, 12,6%-ға артты.

Ағымдағы жылдың басынан бастап компания активтері 0,9%-ға 289,7 млрд теңгеге артты, ұзақмерзімді міндеттемелер 1,2%-ға, 102,5 млрд теңгеге артты, ағымдағы міндеттемелер 19,8%-ға, 36,2 млрд теңгеге қысқарды, меншікті капитал 7,2%-ға, 151,1 млрд теңгеге өсті, жарғылық капитал өзгерген жоқ және 46,04 млрд теңгені құрады.

ОАЭК — біріктірілген энергетикалық холдинг, 2008 жылы тамызда құрылған. «ОАЭК» АҚ акционерлерінің құрамына «Орталық-Азия отын-энергетика компаниясы» АҚ,Еуропалық қайта құру және даму банкі және Kaz Holding Cooperatief U.A. кіреді.

По материалам: ИНТЕРФАКС-КАЗАХСТАН