Астанада өтіп жатқан Қазақстан мен Ресей аймақаралық серіктестіктің ХІІІ Форумында Орта-Азиялық Электроэнергетикалық Корпорациясы («ОАЭК») мен Урал турбиналық зауыты (УТЗ) серіктестік жайлы Меморандумға қол қойды. Бұл өндіріс жабдықтарын модернизациялауға бағытталған компаниялар арасындағы үшінші келісім.
Келісім аясында Урал турбиналық зауыты Т-100 үш турбинаның және «ОАЭК» АҚ нысанындағы ПТ-135 турбинасын модернизациялауға қатысады. Модернизацияның жалпы құны 11,7 млрд теңгеге бағаланды. Құжаттардың астына өз қолдарын «ОАЭК» АҚ Президенті Еркін Әмірханов пен «Урал турбиналық зауыт» ЖАҚ («РОТЕК» холдингі «Ренова» компаниялар тобына кіреді) директорлар Кеңесінің Төрағасы Михаил Лифшиц қойды.
Серіктестік аясында екі жақ «ОАЭК» АҚ электростанцияларында индустриялы интернет технологияларын — «ПРАНА» жүйесін енгізуді қарастырады. Бұл өндірістегі жабдықтарды тексеруге мүмкіндік береді. «РОТЕК» мамандарымен іске асқан жүйе бейімделген математикалық модельдерге негізделген және жұмыс барысындағы ақауларды анықтауға және жабдық ақауларын ерте бастан —энергоблокты басқару штаттық жүйесі анықтағанға дейін екі-үш ай бұрын ауыздықтауға мүмкіндік береді. «ПРАНА» бір қатар ресейлік электростанцияларда бір жылдан аса уақыт бойы сәтті жұмыс істеп келеді. Бұл жүйе Қазақстанда бірінші рет қондырылғалы жатыр.
Ресейлік машина жасаушылар мен қазақстандық энергетиктердің серіктестік тәжірибесі көрсеткендей, әр турбинаны модернизациялау жаңа энергоблок салуға қарағанда шамамен 2 есе арзанға түседі (1 КВт энергия өндіру есебімен). Бұған қоса жабдықтың ең маңызды міндеттері жақсарады — КПД, қуаттылығы, жанармайды сыбағалы шығындау.
«ОАЭК» АҚ кәсіпорынының 2007 жылдан бері іске асып келе жатқан Генерациялық активтерді модернизациялау бағдарламасы Урал турбиналық зауытымен серіктестікте 2021 жылға дейін жалғасады. Айта кету керек, УТЗ-мен серіктестік Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарындағы өндіріс нысандарындағы өндірістік қорды жаңартуға мүмкіндік берді: зауыт «ОАЭК» АҚ үшін жалпы қуаттылығы 726 МВт болатын 8 турбина дайындады. Станциялардағы қайта құрудың арқасында аймақтағы тұрғындар үздіксіз электр- және жылу энергетикасымен қамтамасыз етілді», - деді Қазақстан электрэнергетикасы саласындағы жеке ірі компания «ОАЭК» АҚ президенті Еркін Әмірханов қол қою салтанаты кезінде.
«Қазақстан біз үшін маңызды нарықтардың бірі. Мұнда посткеңестік аймақтағы электр энергетикасын модернизациялауға бағытталған ең тиімді бағдарлама бір жылдан астам уақыт бойы іске асып келеді. Ол бізге қазақстандық әріптестермен біріге отырып қуаттылықты жаңарту бойынша тиімді жабдықтарды құрастырып қана қоймай, қолданысқа енгізуге мүмкіндік береді. Және бұл жұмыс турбиналарға ғана емес, қосалқы жабдықтарға да қатысты. Келесі біріккен қадамымыз – индустриялы интернет технологиясын енгізу, яғни «ОАЭК» өндіруші қуатын кибернизациялау жобамыз да сәтті іске асады деп үміттенемін. Соңында, регламент бойынша жабдықтарды жөндеуден жағдайы бойынша жөндеуді қаматамсыз етеміз деп сенемін. Қазақстандық серіктестермен жұмыс біз үшін абыройлы әрі қызықты екенін атап өткім келеді», - деді «Урал турбиналық зауытының» директорлар Кеңесінің Төрағасы Михаил Лифшиц.