Петропавлдың электр- және жылуэнергиясын тұтынушылар үшін «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның жыл сайынғы қоғамдық тыңдаулары өтіп жатыр. Екінші сәуірде Петропавл 2-ЖЭО энергетиктері 2017 жыл бойынша жасалынған жұмыстарға есеп берді. Тыңдауларға қатысушылар алдында кәсіпорын басшысы Виктор Бармин сөз сөйледі.
Еске салайық, 2017 жылдың 1 қаңтарынан станцияда жылу энергиясын өндіру тарифі 1 888,74 теңге/Гкал-ды құраған. Төтенше реттеуші шама ретінде тарифті арттыруға өтініштен кейін 19 сәуір 2017 жылы жылу энергиясын өндіру тарифі 1 910,16 теңге/Гкал мөлшерінде бекітілді.