6 маусымда ПИК басшылары мен «Павлодар жылу желілері» ЖШС басшыларының Ашық есіктер күні форматында алғашқы кездесуі өтті. Ортақ мәселелердің шешімін бірге іздеу — екі жаққа да барынша өнімді болуға үміттендіреді. Келесі кездесу 20 маусымға белгіленді.
Павлодар ПИК Ассоциациясының төрағасы, Светлана Иванова: «Мәнді-мағыналы пікірталас болды. Біз үшін бұл өте маңызды. Бұл жоба жайлы ақпарат алғанда, былайша айтқанда, қолымызды шапалақтадық. ПИК мәселелері мен жылу беретін қызмет мәселелері бір, ортақ. Егер пікірталасып, әңгімелессек көп нәрсе шешілер еді».
«ПИК — жылумен қамту процесінің ажырамас қатысушысы болып табылатын көпқабатты үйлердің тұрғындары мен біздің арамыздағы делдал, — деп атап өтті «Павлодар жылу желілері» ЖШС бас директорының орынбасары Сергей Панихин. — «Ашық есіктер күні» жобасынан күтетініміз — ортақ жұмыста өзара түсіністік пен өзара көмек».