Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша «ОАЭК» АҚ еншілес компаниялары – «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ және «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Қазақстан Республикасының 50 ірі жеке компанияларының рейтингіне еніп, тізімнің сәйкесінше 18 және 33 қатарына орналасты.
Рейтингке қызметін Қазақстанда жүзеге асыратын, капиталындағы республика азаматтарының үлесі 50%-дан кем емес компаниялар енді. Алғашқы тізімге 200 компания қосылса, қысқартылған нұсқасында 2017 жылы ең жоғары кіріске ие болған компаниялар ғана қалды. Ірі компанияларды іріктеу кезінде кірістен бөлек, бір жылда төленген салықтар мен компанияның қызметкерлер саны да ескерілді.
Рейтингтің толық нұсқасымен келесі сілтеме арқылы өтіп танысуға болады: Forbes Kazakhstan