Бүгінгі таңда «ОАЭК» АҚ – Қазақстанның барлық солтүстігін сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін өз саласының кәсіпқойлары.
14 жыл бұрын біз дәстүрлі және баламалы – жаңғыртылатын – генерациялау саласындағы активтері бар әртараптандырылған энергетикалық Холдинг құру сияқты өршіл мақсатты мәлімдеген Қазақстанның алғашқы жеке энергетикалық компаниясы болып атандық.
Біз осы бағытта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік.
Корпорация Қазақстандағы ең тиімді жел электр станцияларының бірі – «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС-ның «Астана EXPO 2017» жел электр станциясына иелік етеді.
Кәсіпорындардың белгіленген жиынтық электр қуаты 1 318 МВт құрайды – осы көрсеткіш бойынша біз Қазақстанның жеке энергия өндіруші компанияларының арасында көшбасшы болып табыламыз. Корпорацияның белгіленген жиынтық жылу қуаты – 2 981 Гкал/сағ.
Осы жылдар ішінде біз миссиямызға – өзіміз қатысатын өңірлерді сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуге адалмыз.
Компаниялар тобы екі миллионнан астам адамды электр қуатымен қамтамасыз етеді. Тиімділікті арттыруға ұмтыла отырып, Холдинг өз жұмысына өндірістің заманауи әдістерін, корпоративтік мәдениет, қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология саласындағы үздік тәжірибелерді тұрақты енгізіп отырады.
Бұл күні біз барлық әріптестерімізге Холдингтің дамуына қосқан баға жетпес үлесіңіз үшін алғыс айтамыз.
Құрылған күнімен құттықтаймыз және өркендеу мен табыс тілейміз! «ОАЭК» командасының кәсіби тәжірибесі алдағы уақытта да Корпорацияның стратегиялық жоспарларын жүзеге асыруға септігін тигізсін!