«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қызметкерлері Қазақстандағы Еңбек күніне орай ұйымдастырылып жатқан «Еңбек жолы» байқауына қатысады.
Байқау Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: жалпыға бірдей еңбек қоғамына жиырма қадам» бағдарламалық мақаласын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында өтеді және Еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін өсіруге, «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» аясында еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Байқау қатысушыларына екі кезеңнен өту қажет болады: өңірлік және республикалық. Бірінші кезеңнің (өңірлік) жеңімпаздары онлайн-дауыс беру арқылы анықталады. Көп дауыс жинаған өңірлік үздік жұмысшылар келесі кезеңге — республикалыққа өтеді, онда арнайы комиссия байқау жеңімпаздарын үш номинация бойынша анықтайды: «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің ең жас үздік қызметкері» және «Жұмыскер жастардың үздік жетекшісі».
Жеңімпаздарды марапаттау Еңбек күні қарсаңында өңірлік еңбек форумдарында да, республикалықта да өтеді.
Қазіргі таңда онлайн-дауыс беру басталып кетті. Үміткерге дауысты мына сілтеме арқылы беруге болады: http://sko.gov.kz/page/read/Enbek_zholy.html.
Әріптестерімізге сәттілік пен жеңіс тілейміз!