«Севказэнергосбыт» ЖШС-да Бірыңғай ақпараттық-есептеу орталығы (БАЕО) кәсіпорынының базасында ұйымдастырылған қызмет принциптерін түсіндіруге бағытталған брифинг болып өтті. Бірыңғай ақпараттық-есептеуіш орталық қызметі Петропавл тұтынушыларының бірнеше коммуналдық кәсіпорынның қызметтері үшін төлем операцияларының жұмысын біріктіруге бағытталған.
1 сәуір 2017 жылдан «Қызылжар су» ЖШС шоттарының төлемін «Севказэнергосбыт» ЖШС қызмет көрсету орталықтарының кассаларында, немесе «Қазпошта» АҚ-да, төлем терминалдарында немесе екінші деңгейлі банктерде комиссиясыз төлеуге болады. Осылайша, тұтынушылар электр- және жылумен қамту қызметтерімен қоса, сумен жабдықтау және канализация қосылған коммуналдық қызметтердің реті бойынша есептелген бірыңғай төлемдік құжат алып отыратын болады. БАЕО жұмысының егжей-тегжейі жайлы «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Мағауия Сағындықов айтып берді.
«Бұл Қазақстан Республикасы үкіметінің тапсырмасымен жасалды, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған, - деді кәсіпорын басшысы. — Ол үшін еліміздің барлық аймағында БАЕО ұйымдастырылып жатыр. Бұл тұтынушылар үшін өте оңай: қосымша кезектерде тұрудың қажеті жоқ, себебі коммуналдық қызметтерге төлем мен төлемдер жайлы ақпарат алу қызмет көрсету орталықтарының кассаларында «бір терезе» принципі бойынша жүргізіледі, ал барлық коммуналдық шоттардың бір түбіртекке қосылуы бақылаушылардың келуін азайтады, коммиссиялық алымдар да жоқ. БАЕО-ге кірген кәсіпорындарға да пайдасы бар: кассирлерге қажеттілік жоғалады, басып шығару құрылғылары мен қағазды үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұдан өзге, дебиторлық қарыз проблемаларын шешуге қолдау көрсетуге дайынбыз, себебі бұл бағытта тиімді әдісіміз бар. Жұмыс бұрыннан жүргізіліп келді. 2015 жылдан ПИК-термен белсенді серіктестіктеміз, және бүгін орталықтың қызметтерін облыс орталығының 42 үйі пайдаланады. Қазіргі таңда БАЕО-ге қаланың басқа да коммуналдық кәсіпорындарын тарту бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр».
Энергетиктердің айтуынша, БАЕО қызметінен түскен қосымша табысты тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру және кеңейтуге бағытталады: төлем қабылдау үшін қосымша орындар ашу, байланыс орталығында операторлар санын көбейту және «Жеке кабинет» онлайн-қызметінің жұмысын жақсарту. Айта кететіні, бүгінде «Жеке кабинетте» 1976 тұрмыстық және 1876 тұрмыстық емес тұтынушылар тіркелген. Бұдан өзге, интерактивті қызметтерді пайдаланушылардың шамамен 40%-ы энергия үшін SMS-банкинг арқылы төлейді.