Брифинг барысында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры Олег Перфилов пен «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС бас директоры Александр Захарьян екібастұздық БАҚ және ПИК өкілдеріне кәсіпорынның 2019-2020 жылғы жылу беру маусымына дайындығы мен тарифтер туралы және сонымен бірге өзге де маңызды жобалар туралы әңгімелеп берді.
2019-2020 жылғы жылу беру маусымына дайындық барысында «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС аса ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. Оның ішінде Екібастұз ЖЭО-ның негізгі жабдықтарына ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары бар. Сондай-ақ, екібастұздың магистральді және кварталішілік жылу желілеріне де жөндеу жұмыстары жасалуда. Бұл шаралардың жүзеге асырылуына 547 421 млн теңге бөлінген.