5 маусым – Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні болып 1972 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күн «ОАЭК» АҚ үшін аса маңызды. Компанияның «Қауіпсіздік бәрінен маңызды!» ұранының экологиялық қауіпсіздікке де зор қатысы бар.
«ОАЭК» АҚ компаниялар тобында экология саласындағы қызмет тиімділігін арттыру үшін табиғат қорғау шаралары жүзеге асырылады. 2018 жылы компания бұл бағыттағы шараларды жүзеге асыруға 5 млрд теңгеден астам қаржы жұмсады.