2017 жылы «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның үш ЖЭО-ғы 4 073,838 млн кВт*с электрэнергиясын және 4,445 мың Гкал жылу энергиясын өндірді. Өндірістің мұндай көлемінде экологиялық саясат шаралары компания үшін маңызды рөл атқарады. Табиғатты қорғау қызметі жайлы толығырақ «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры Олег Перфилов тілшілермен кездесу кезінде айтып берді.
Табиғатты қорғауға бағытталған негізгі шаралардың бірі өндірістің күл қоқыс қалдықтары жинақталатын арнайы құрылғылар — күл үйіндісі жұмыстарын мұқият бақылау болып табылады. Осылайша, 2017 жылы Екібастұз ЖЭО күл үйіндісінің екінші секциясы құрастырылды, үш станцияның күл шығару желілері жөнделді, 3-ЖЭО күл үйіндісі үшінші кезегінің құрылысы мен екінші кезекті дамбаны ұзарту жүргізілді.
Су ресурстарын пайдалану — жылу және электр энергиясын өндіру процесстерінің ажырамас бөлігі. Су, ең алдымен, суыту жүйелерінде, гидрокүлжоюда және су дайындау құрылғыларында қолданылады. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» жерасты суларының деңгейі мен сапасын бақылауда ұстайды. Есеп беру тоқсан сайын Павлодар облысы бойынша экология департаментіне жолданып отырады.