Алматыдағы резиденциясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізіп, соның аясында «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Клебановпен кездесті.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев мырза электр-жылу энергиясын өндіру нарығын дамытудың және еліміздің өңірлерін энергиямен жабдықтау ісінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне баса мән берді. Тараптар, сондай-ақ, энергиямен жабдықтау саласындағы тариф саясатын іске асырудың қазіргі үдерісін талқылады.