«ПЭТК» АҚ үй ішілік электр желілері қалалық өнеркәсібі халықаралық Еңбек күніне орай жыл сайынғы дәстүрлі түрде электромонтерлер арасында кәсіби шеберлік жарысын өткізді. Барлық бөлімшелердің өкілдері техникалық қызмет көрсету, жөндеу жұмыстары мен штаттан тыс жағдайларда әрекет ету кезіндегі білімдері мен біліктіліктерін көрсету үшін жиналды.
Биыл жарысқа жеті команда қатысты, әрқайсында үш электромонтер мен шебер болды. Энергетиктер жоспарланған жеті кезеңнен өтуі тиіс болатын:
- қол жарақаты, тізе сыну мен бет күю кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету;
- қауіпсіздік техникасы ережелері мен басқа да нормативтік құжаттарды білу біліктілігін тексеру (мұнда 30 сұраққа жауап беру талап етілді);
- кіріспе тарату құрылғысын кіріспе ажыратқышпен алмастыру арқылы жөндеу жұмысын жүргізу;
- оқыту қабаттық қалқанша схемасын жинау мен тексеру;
- оқыту қабаттық қалқаншасындағы шарттық тұтануды өшіру;
- ең қиын кезеңдердің бірі — үш ВРУ-0,4 кВ электрқұрылғысының жағдайын жалпы бағалай отырып тексеру;
- сыртқы жарықтандыру шамын жанама сатыны қолдану арқылы айырбастау және фотореле схемасын жинау.
Тапсырмалар тізбегінен көрініп тұрғандай, жарыстың басты мақсаты – қызметкерлердің квалификация деңгейін көтеру және жарақаттанушылықты азайту. Бұдан өзге, бұл, әрине, ауызбірлік пен командада жұмыс істей білуді тексеруге мүмкіндік.
Барлық кезеңдерден өту қорытындысы бойынша бірінші орынды № 5 (оперативті-шығу бригадасы) команда алды. Екінші орын — № 2 командада (құрылғыларды жөндеу цехінің № 2 бөлімшесі). № 1 команда (құрылғыларды жөндеу цехінің № 1 бөлімшесі) үшінші орында.
Қуаныш Алтайбаев «Үздік шебер» атанды. «Жұмыстарды үздік рұқсат беретін, өндіретін» Бағдат Масабаев. Уайхан Кайсин «Бригаданың үздік адамы» болды. «Жарыстың ең жас қатысушысы» болып Қайролла Нөгербек атанды. «Жарыстың ең ересек қатысушысы» — Сергей Онищенко.
Қазылар да аталып өтті. Сауалнама бойынша «Үздік әділқазы» Александр Рыбаченко атанды.
Жеңімпаздарды мақтау қағаздарымен, дипломдармен, медальдармен және Павлодар ЭТК мен «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» энергожүйесі қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» әкімшілігінің сыйлықтарымен марапатталды.