«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-на қарасты Петропавл 2-ЖЭО бірнеше жылдан бері энергия үнемдеуге бағытталған мемлекеттік бағдарлама аясында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Өндіріс көрсеткіштерін жоғарылатумен қатар, кәсіпорын өндірілген энергияны тиімді әрі ұқыпты пайдалану қажеттігін естен шығармайды. Солтүстік Қазақстан энергетиктері өздері үлгі болып, қымбат дүние – жылу мен электр қуатын үнемдеуге тек бәрі осы іс жолында біріккен кезде ғана қол жеткізуге болатынын өзге энергия ресурстарын тұтынушыларға дәлелдеуде.
Нарықтық экономика жағдайында отандық энергетика бұрынғыша энергия тасымалдағыштардың өндірісін ерекше қарқынмен еселеуге емес, өндірілген қуатты тиімді пайдалануға маңыз беруде. Еуропаның дамыған елдерінің тәжірибесі жаңартылмайтын энергия көздері бірте-бірте орнын «жасыл» технологияларға босатып жатқанын көрсетіп отыр.
Бүгінде «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ саясаты өндірістік және экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға және ескірген құрылғыларды жаңалау арқылы техникалық шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін жетекші энергия үнемдеуші технологияларды қолданысқа енгізуге бағытталған.
Жыл сайын «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО-нда энергия үнемдеу бағдарламасы әзірленіп, іске асырылады. 2013 жылы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі туралы» ҚР Заңының 10-бабына сәйкес, кәсіпорында ISO 50001:2011 энергоменеджменті енгізілген. Осы жылы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның энергетикалық менеджмент жүйесінің талаптарына сәйкестігіне сертификаттау аудиті сәтті жүргізілді. Одан бөлек, 2014 жылы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі туралы» ҚР Заңының 16-бабына сәйкес, энергия үнемдеу мен энергия тиімділігіне кәсіпорында аудит жүргізу жоспарланып отыр. Бұл ресурстарды үнемді шығындау жөнінде 5 жылға арналған бағдарлама әзірлеуге мүмкіндік береді.
Айта кету керек, Компания энергетикалық кешенді жаңғыртудың 2009-2015 жылдарға арналған ұзақмерзімді бағдарламасын әзірлегенде, бірінші кезекте ресурс және энергия үнемдеу талаптарын негізге алған болатын.
Бағдарламаға сәйкес, 2012 жылы №6 және №7 қазандық агрегаттарды қайта құру жөнінде жұмыстар жүргізілді. Бұл №6 қазандық агрегаттың ПӘК-ін (пайдалы әрекет коэффициенті) 3,21 %-ға, №7 қазандық агрегат ПӘК-ін 2,48 %-ға арттыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде станция аталған жылы №6 қазандық агрегатта – 6967 тонна, №7 қазандық агрегатта – 6606 тонна көмір үнемдеді.
Сондай-ақ 2013 жылы станцияда №4 турбоагрегат пайдалануға берілді. Жаңа турбинаны монтаждау кәсіпорынның 2015 жылға дейін жоспарланған қайта құру және техникалық қайта жабдықтау Инвестициялық бағдарламасы аясында мүмкін болды. Жаңа құрылғы станцияға электр энергиясы өндірісін 63 МВт-қа, жылу энергиясын 96 Гкал-ға арттыруға мүмкіндік берді. Электр энергиясының қосымша өндірісі жыл ішінде 388,8 млн. кВт/с-қа жетіп, отын үнемі жылына 63,7 мың тоннаны құрап, белгіленген электр қуатын пайдалану коэффициенті 81,45 %-ға артады. Жоба құны – 6,1 млрд. теңге.
Қазіргі таңда №8 қазандық агрегаттың монтаж жұмыстары жүргізілуде, нысанды пайдалануға берудің жоспарлы мерзімі – 2014 жылдың маусым айы. Қазандық агрегатты іске қосу күзгі-қысқы мезгілде станция (қазандық агрегаттың ПӘК-і 91,3 %-ды құрайды) жұмысының сенімділігі мен үнемділігін арттырады. Монтаж жұмыстарына жұмсалатын шығын 4,6 млрд. теңгені құрайды.
Биылғы жыл жоспарында – №12 қазандық агрегатты қайта құру, №1 турбоагрегатты ауыстыру жұмыстары бар. Сондай-ақ №5 турбоагрегатты ауыстыру жұмыстары басталады.
2013 жылы станцияда электр энергиясын босатуға кететін отынның бөлшектік шығыны 444,38 ш.о.г./кВтс (сағатына 1 киловатқа шаққандағы шартты отын грамы) (2012 жылмен салыстырғанда 13,49 ш.о.г./кВтс азайған), жылу энергиясына кететін отын шығыны – 203,42 ш.о.кг./кВтс (2012 жылмен салыстырғанда 1,02 ш.о.кг./кВтс азайған) құрады. Осылайша, 2013 жылы станция 58,5 мың тонна көмір үнемдеді.
2014 жылы электр энергиясын босатуға кететін жоспарлы бөлшектік шығын 429,98 ш.о.г./кВтс (2013 жылмен салыстырғанда 14,4 ш.о.г./кВтс азаяды), жылу энергиясын босатуға кететін жоспарлы бөлшектік шығын – 200,38 ш.о.кг./кВтс (2013 жылмен салыстырғанда 3,04 ш.о.кг./кВтс азаяды) құрайтын болады. Жоспарлы үнем 69,8 мың тонна көмірді құрайды.
2013 жылы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО-нда 2603050,255 МВт электр энергиясын өндірді. 2014 жылға жоспар – 2689,8, МВт, бұл меже 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 3,3 %-ға артық. Жылу энергиясының өндірісі 2013 жылы – 1790544,2 Гкалды құрады. 2014 жылға жоспар – 1830690 Гкал, бұл меже 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 2,2 пайызға артық.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО үшін энергия үнемдеу – маңызды міндет. Электр және жылу энергиясын өндіру ісі шығынмен қатар жүретін ауыр жұмыс. Алайда энергетиктер бұл шығынды болдырмаудың жолын тапты.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.