Халықаралық Fitch Ratings рейтинг агенттігі «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ («ОАЭК» АҚ еншілес кәсіпорны) компаниясына шетелдік валютада «BB-» деңгейінде эмитент дефолтының ұзақсерзімді рейтингін берді. Ұзақмерзімді рейтингтер бойынша болжам «тұрақты».
«СЕВКАЗЭНЕРГО» рейтингі оның жалғыз акционері – «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ («ОАЭК» АҚ, «BB-»/болжам «Тұрақты») рейтингімен бір деңгейде орналасқан, бұл «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның ОАЭК тобы компаниялары ішінде топ EBITDA-сының 37% қамтамасыз ететін негізгі екі еншілес компанияның бірі екенін көрсетеді.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» Солтүстік Қазақстан облысында электр және жылу энергиясын өндірумен және таратумен айналысады, оның үлесіне Қазақстан электр энергиясы өндірісінің 3%-ға жуығы тиесілі. Интеграцияға қарамастан, компанияның EBITDA құрылымында өндіріс қызметінің үлесі басым: ол 2014 жылы EBITDA 94%-ға жуығын құрады.
Fitch болжамына сәйкес, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2015-2018 жылдары орташа 8 млрд теңгеге жуық деңгейде операциялық қаражат ағымын жақсы жүргізеді.