2016 жылы «Орта-Азиялық Электрэнергетикалық Корпорациясы» АҚ («ОАЭК» АҚ) компаниялар тобы бойынша электрэнергия өндіру 7,036 млрд кВт∙с құрады. Электрэнергия өндірісінің өсуі осы саладағы Корпорация үлесін 2015 жылмен салыстырғанда 7,2%-дан 7,7%-ға өсірді. «ОАЭК» АҚ өндіруші актистері 2009–2016 ж.ж-дар қорытындысы бойынша 54,9%-ға жаңарды. Бұл Қазақстан бойынша жоғары көрсеткіш болып саналады.
2016 жылдың 12 айында Корпорация электростанциялары шиналарынан электр энергиясын пайдалы жіберу көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 8,4%-ға өсті. Бұған қоса электр энергиясын өндіру көлемі 2016 жыл ішінде 7,8%-ға өсті. 2016 жылы өндірістің өсуі 2015 жылдың маусым және қараша айларында Павлодар 3-ЖЭО-де екі турбоагрегат, сонымен қатар 2015 жылдың қыркүйек, қазан айларында және 2016 жылдың желтоқсан айында Петропавл 2-ЖЭО-де үш турбоагрегаттың қолданысқа берілуімен байланысты. «ОАЭК» АҚ-да жылу энергиясын өндіру көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 3,2%-ға өсті және 6472,3 мың Гкал-ды құрады. 2016 жылдың қорытындысы бойынша Корпорацияның орнатылған электр қуаты 2015 жылмен салыстырғанда 5,4%-ға 1203 МВт-ға өсті, жылу қуаты — 1,2%-ға 2 953 Гкал/с.
«2016 жылы электр- және жылуэнергияларының өндіріс көлемдерінің өсуі 2009 жылы басталған өндіруші активтерді қайта қалпына келтіру және жаңарту инвестициялық бағдарламаның аясында іске асырудың арқасында мүмкін болды», — деді «ОАЭК» АҚ Президенті Еркін Әмірханов. 2016 жылды алдын ала қорытындылай отырып, Корпорация басшысы инвестициялық бағдарламаның шараларын орындау 25,8 млрд теңгені құрағанын атап өтті. Корпорация негізгі қызметін жүзеге асырудан түсетін табысты 13,1%-ға арттырды, операциялық табыс 36%-ға артты.
«ОАЭК» АҚ жылумен қамтуды жақсарту бойынша Павлодар, Екібастұз, Петропавлда жұмыстарды жалғастырып келеді. 2016 жылы жылумен қамту жүйесін модернизациялау бойынша жобаларды іске асыру жайлы үшжақты келісімге қол қойылды. Келісім Еуропа Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ), Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика Министрлігі мен «Орта-Азиялық Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ («ОАЭК» АҚ) арасында «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қабылданды. Инвестицияның 2016 мен 2020 жылдар аралығындағы жалпы сомасы 25,95 млрд теңгені құрайды, олардың ішінде 2016 жылы құбыр желісін қайта қалпына келтіру мен жылылықты оқшаулауды ауыстыру үшін 4,02 млрд теңге бөлінді.
2016–2020 жылдар стратегиясына сәйкес Корпорация құрылғыларды жаңарту инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырады.