«ОАЭК» АҚ Жылдық есебі жылдық есептердің жыл сайынғы VI Байқауында «Қаржылық емес саладағы үздік жылдық есеп» категориясында екінші орын алды.
Байқауды «Эксперт РА Казахстан» «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның қолдауымен өткізеді. Шараның мақсаты — мүдделі тараптарға компаниялардың ақпаратты тиімді ашуына қолғабыс ету. 2016 жылы байқауға 137 қазақстандық компания қатысты.
«Үздік жылдық есеп» категориясында Қазақстанда шығарылған барлық жылдық есептер сарапқа түседі. Алдын ала сараптама нәтижесі бойынша құралған, он есептен тұратын шорт-лист корпоративтік басқару мен жылдық есепті дайындау саласындағы мамандардан құралған Сарапшы қазылардың дауыс беруіне енгізілді. Дәл осы Сарапшы қазылар Байқау жеңімпаздарын анықтады.
«Көшбасшы компаниялар ашық ақпарат саясатын ұстанып қана қоймай, оны сапалы ұсынуды да ойластырған — бұл есепті пайдаланатындардың сұрақтарына барынша толыққанды жауап беріп, мүдделі тараптарға ең негізгі мәліметтерді оңтайлы жеткізу. Корпоративтік жылдық есеп дамуының басты трендтерінің бірі — компаниялардың қаржылық емес қырын таныстыруға жоғары талап қою», — деп атап өтті жобаның ғылыми жетекшісі Василий Калабин.
Салтанатты жиында «ОАЭК» АҚ-ның екі жыл ішінде рейтингтің бестігіне озып шыққаны аталып өтті. Компания жылдық есептің барлық бөлімінде ақпаратты барынша ашық жеткізуге тырысады.