«ОАЭК» АҚ Жылдық есебі екінші жыл қатарынан Қазақстанның жылдық есептерінің үздік бестігінде. Сонымен қатар VII жыл сайынғы байқау шеңберінде компанияның Жылдық есебі «Тұрақты даму жайлы үздік есеп» санаты бойынша номинант атанды.
Байқау «Эксперт РА Қазақстан» «Қазақстандық қор биржасы» АҚ қолдауымен ұйымдастырылды. Шара мақсаты компания ақпараттарын мүдделі тараптарға тиімді ашуға қолғабыс ету. 2017 жылы байқауға 105 қазақстандық компания қатысты, оның ішінде 41 қаржылық ұйымдар және 64 қаржылық емес ұйымдар.
«Биыл жеңімпаздар қатарында корпоративтік есепті дамыту бойынша жақсы жұмыс атқарған және көшбасшылар қатарына сытылып шыққан жаңа қызықты компаниялар пайда болды. Байқаудың негізгі номинацияларынан өзге, жылдық есептерді дайындау саласындағы жекелеген жетістіктерін атап өту үшін және үздік тәжірибелерге назар аударту үшін біз тағы бір қатар қосымша марапаттарды жарияладық, — деп атап өтті жоба жетекшісі Василий Калабин. — Бүгінде жылдық есеп табысты ұйымның корпоративтік басқаруының міндетті элементі және мүдделі тараптармен ара-қатынасудың негізгі құралдарының бірі, сонымен қатар компанияның өзін жайғастыруындағы маңызды бөлшегі, қоғамға негізгі ақпараттарды жеткізудің тәсілі. Байқау шеңберінде және ұқсас шараларда біз Қазақстандағы корпоративтік есептілік тәжірибесін дамытуға тырысамыз, себебі тиімді ақпараттық саясат қазақстандық кәсіптің тұрақты дамуының негізі бола алатынына сенеміз».
Салтанатты шарада «ОАЭК» АҚ екі жыл қатарынан рейтингтің үздік бестігінде екені аталып өтті. Компания жылдық есептің барлық бөлімінде ақпаратты жеткілікті толық ашады.