Кешеден бері Қазақстан халқының назары республиканың оңтүстігінде орналасқан Арыс қаласында болған төтенше оқиғаға тігулі. «Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы» компаниялар тобы (ОАОЭК) зардап шегушілерге көмек қолып созып, Алматы қаласынан Түркістан облысына 10 тонна гуманитарлық жүк жіберді.
Арыс қаласының тұрғындары қиын жағдайда қалып, өз баспаналарын уақытша тастап кетуге мәжбүр болды. Зардап шеккендер күріш, қарақұмық, қант, минералды су, консервіленген ет, шай және өзге де азық-түлік өнімдерін алады. Сондай-ақ, гуманитарлық жүк құрамында алғашқы қажетті және санитарлық-гигиеналық заттар да бар. Бүкіл Қазақстаннан жеткізіліп жатқан көмек республика тұрғындарының ынтымағын нығайтып, қаланы тез арада қалпына келтіруге үлкен үлес қосады.