«Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ-да инвестициялық жобаларды іске асыру туралы энергетиктер Павлодар облысы бойынша ТМРКД, үкіметтік емес ұйымдар мен өңірлік БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз туры барысында айтып берді.
1 млрд 956 млн 707 мың теңге – 2021 жылы «ПЭТК» АҚ инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыруға жоспарланған жалпы сома. Жобаларды жүзеге асыру желілер мен жабдықтардың тозуын азайтуға, электр энергиясының жаңа тұтынушыларын қосуға мүмкіндік береді.