22 қыркүйек күні «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ станцияларының нысандарына баспасөз туры болып өтті. Компанияның инвестициялық бағдарламалары аясында 3-ЖЭО №6 турбинаны қайта құру және 2-ЖЭО №3 қазандықты жаңалау жұмыстары жүргізілуде.
Инвестициялық бағдарламалар жүзеге асырылып жатқан сегіз жыл ішінде «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» станцияларының негізгі қондырғыларының тозу деңгейі 62,6%-дан 58,2-%-ға қысқарып, оның ішінде 3-ЖЭО бойынша 68%-дан 51,3%-ға қысқарды. Бұл туралы журналистер мен Павлодар облысы антимонополиялық ведомство өкілдеріне 3-ЖЭО директоры Владимир Шевцов пен 2-ЖЭО директоры Игорь Гринев әңгімелеп берді.