ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Жолдауын талқылау мақсатында «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның Петропавл 2-ЖЭО-да және «Солтүстік Қазақстан Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ-да коллективтердің ақпараттық-үгіттеуші топтың қатысушылармен кездесуі өтті.
Кездесулер 19 қазанда «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-да және 24 қазанда «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның Петропавл 2-ЖЭО-да өтті. Шараларға компания қызметкерлері қатысты. ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы бойынша ақпаратпен Солтүстік Қазақстан облысы кәсіподақ төрағасының орынбасары Кайсин А.К., кәсіподақ үйлестіру кеңесінің мүшесі Әбілмәжінов Т.Т.сөз сөйледі. Жолдаудың негізгі тұстары қатарында ең аз жалақыны көтеру, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын тұрғын үймен қамту, ішінара көмекқаржы беру, оқыту, медициналық, әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің аясын кеңейту және азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету сияқты мәселелер көтерлді.
Барлық ақпарат зор қызығушылықпен тыңдалды. Баяндамалар аяқталған соң сөз сөйлегендерге сұрақтар қойылып, әркім толыққанды жауап ала алды.