Павлодар және Екібастұзда магистральды және кварталдық жылу желілерін жоспары қайта құру шаралары жалғасуда. Күрделі жөндеу жұмыстары Павлодар қаласы жылу желілерінің 5,5 км бөлігінде және қаланың тоғыз учаскесінде жүзеге асырылды. Олар: БСМП бағытындағы Марғұлан к-сі, 1 Май к-сі, 25, М. Горький к-сі, Айманов к-сі, 1, Лунная к-сі, Муялдинская к-сі, Чкалов к-сі, 16, Хромзавод 1 проезд, Ледовский к-сі.
Жалпы жөндеу жұмыстары кампаниясы аясында Павлодарда жалы ұзындығы 1 788 метр магистральды және кварталдық жылу желісін диаметрін үлкейтіп және пенополиуретанды қаптаманы қолдана отырып қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Компания мамандары жалпы ұзындығы 4 210 метр магистральды жылу желісін минералды-мақталы қаптамасын пенополиуретанды қаптамаға ауыстыруда.