22 желтоқсан 2016 жылы Петропавл 2-ЖЭО-ның 55 жылдық мерейтойын және Энерегетиктер күнін тойлау аясында компания қызметкерлеріне және Петропавл тұрғындарына арналған 90-пәтерлік шағын отбасылық жатақхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жоба «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілігімен мемлекеттік-жеке серіктестігінің арқасында жүзеге асты. Ведомстволық жатақхана энергетикалық кешеннің өнеркәсіптеріне саланың жас әрі болашағы зор мамандарын тартуға көмектеседі.

Әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов, «Орта-Азиялық Электроэнергетикалық Корпорация» АҚ-ның Президенті Еркін Әмірханов және «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның бас директоры Леонид Ларичев қатысты.

Делегация Петропавл қаласының Жабаев көшесі, 223 мекенжайы бойынша орналасқан 5 қабаттық ғимаратты салтанатты түрде ашты. Жатақхана жақын арада петропавлдық отбасыларды қабылдауға дайын болады. Жалпы ауданы 4 мыңнан асатын ғимаратта 90 шағын өлшемді пәтерлер орналасқан: олардың 80-і – бір бөлмелі, 10-ы – екі бөлмелі. Әр пәтерде жеке асхана мен санитарлық торап қарастырылған. Жобаны іске асыру арқылы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ баспанасыз қызметкерлеріне ведомстволық тұрғын үй ұсыну өзекті проблемасын шешеді, сонымен қатар компанияға болашағы зор мамандарды тартады. Ашылу салтанатында жатақханадан Петропавл қаласының кезекте тұрған 18 отбасына пәтер ұсынылатыны да айтылды.

Бұл «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-мен әлеуметке бағытталған саясатты жүзеге асыру аясында істеліп отырған кезекті жоба. Айта кетсек, 2015 жылы Қазақстанның Энергетик күніне компанияның қатысуымен 320 орынға есептелген «Алақай» балабақшасы ашылған болатын. Облыс орталығындағы жаңа мектеп алды ордасы – бұл энергетиктердің петропавлдықтардың өзекті мәселесін шешуге қосқан үлесі.

Энергетикалық өнеркәсіптің жатақхана, балабақша сынды әлеуметтік нысандарын ашуы, сонымен қатар басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның өз қызметкерлеріне қамқор, жалпы өңірдің өмір сүру деңгейін көтеруге атсалысатын әлеуметке бағытталған компания екенін көрсетеді.