«ОАЭК» АҚ ұжымы «Бірге - таза Қазақстан» жалпы республикалық экологиялық акциясына қосылды. Энергетикалық холдингтің қызметкерлері сенбілікке Үлкен Талдыкөл маңындағы Е-15 көшесінің учаскесіне шықты. Бұл қаланың ең қараусыз қалған учаскелерінің бірі, оны тазарту үшін коммуналдық ресурстар әрдайым жеткіліксіз. Аумақтың бойындағы көгалдарды, тұрмыстық қоқысты, қураған ағашты, құмды жинау жқмыстары жүргізілді. Сенбілікке басқарма мен энергохолдинг қызметкерлері қатысты.
«ОАЭК» корпорациясының қызметкерлері өздері тұрып жатқан өңірді абаттандыруға қызығушылық танытып, «Бірге - таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысуға құлшына ат салысты. Жергілікті үйлердің тұрғындары сенбілікке қатысушыларға ризашылықтарын білдіруге келгенін атап өткен жөн.
«Біздің Холдинг үшін экология мәселесі ең маңызды мәселелердің бірі. Біз тұрақты дамуға өз үлесімізді қосуға тырысамыз. Бірақ кәсіби міндеттерден басқа, әрқайсымыз ең алдымен осы қаланың азаматымыз. Біз астанамызды бұдан да әдемі әрі таза көргіміз келеді», - деп атап өтті «ОАЭК» АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Орал.
Сенбілік қорытындысы бойынша бір тоннадан астам қоқыс шығарылды. Сенбілікке «ОАЭК» АҚ қызметкерлері мен «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС ұжымы шықты.
Еске сала кетейік, сәуір айынан бастап Қазақстанда «Бірге - таза Қазақстан» экологиялық айлығы өткізіледі. Оның аясында аймақтарды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша сенбіліктер ұйымдастырылады.