«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да жергілікті оқу орындарының бейінді мамандықтағы студенттеріне арналған ғылыми жұмыстар байқауы жарияланды. Үздік ғылыми жұмыс авторы энергетикалық компанияның атаулы корпоративтік шәкіртақысының иегері атанады, ал оқу бітірген соң «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындарының біріне жұмысқа тұра алады.
Үшінші курс студенттеріне арналған, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның Петропавл жоғарғы және орта-кәсіптік оқу орындарымен серіктестігінің аясында ұйымдастырылып отырған бұл байқау былтыр бірінші рет өткен болатын. Байқаудың мақсаты болашақ энергетиктерді ғылыми-зерттеушілікке баулу, ең бастысы — компанияға аса қабілетті, дарынды және белсенді студенттерді тарту.
Байқауға қатысушылар саны шектелмеген, алайда сарапшылар үздік жұмыстар ғана қорғалуға жібереді. Мысалы, былтыр мұндай жұмыстардың саны жетеу болды, оның екеуін компания мамандары лайықты бағалады, ал авторлары — Петропавл теміржол колледжінің студенті Максим Бураков пен Қ.Қозыбаева атындағы Солтүстік-Қазақстандық мемлекеттік университет студенті Нияз Сейпетденов — өз мақсаттарына жетті және атаулы корпоративтік шәкіртақыға ие болды, энергетиктерден марапаттау қағазын алды.
«Қазірге дейін компанияға үш ғылыми жұмыс келіп түсті. Ғылыми жұмыстарды қабылдау 15 сәуірге дейін жүргізіледі. Өтініштер мен ғылыми жұмыстарды жазбаша түрде Жамбыл көш., 215 мекенжайы бойынша «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қызметкерлермен жұмыс басқармасына жолдау қажет. Таңдап алған тақырыбына байланысты студенттерге компания кәсіпорындарынан білікті жетекші тағайындалады. Қатысушылардың әрқайсы нәтижесінде «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның колледж студенттеріне арналған 7 МРП мөлшеріндегі және ЖОО-на арналған 10 МРП мөлшеріндегі атаулы шәкіртақыға ие болады», — деп хабарлады «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қызметкерлермен жұмыс басқарма басшысының міндетін атқарушы Нелли Ким.