«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ кадрлық саясаты бағыттарының бірі Қазақстанның жоғары оқу орындары студенттерімен өзара қатынасын дамыту. 2015 жылы «ОАЭК» АҚ деңгейінде «PROFENERGY» жобасы бастау алды, оның шеңберінде жас мамандарды қолдау жүйесі мен кәсіпорындардағы негізгі мамандықтарға жоғары оқу орындары түлектерін тарту бойынша бағдарламалар жұмыс істей бастады. Бағдарламаның шаралары қатарында — шәкіртақы алу үшін студенттер арасында ғылыми байқау өткізу.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» үшінші рет өткелі отырған байқаудың басталғаны жайлы хабарлайды. Ғылыми жұмыстар байқауы дарынды және шығармашыл белсенді студенттерді қолдау мақсатында Павлодар облысының оқу орындарымен әлеуметтік серіктестік орнату шеңберінде акционерлік қоғаммен бекітілген.
Павлодардың жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының үшінші курсына өткен, компанияға қажетті өнеркәсіптік жылуэнергетикасы, жылу электр станцияларының жылуэнергетикалық қондырғылары, жылутехникалық құрылғылар мен жылумен қамту жүйесі, электрэнергетика, техникалық оқшаулау, электрлік және электрмеханикалық құрылғыларды жөндеу және қолдану, электрмен қамту, автоматика мен телемеханика сияқты кәсіптік мамандықтар бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттер арасында байқау өткізіледі.
Жеңімпаздарға байқауда жеңіп шыққаны туралы және оқу жылының төртінші курсы бойы берілетін корпоративтік шәкіртақы тағайындалғаны жайлы атаулы дипломдар беріледі. Тағайындалатын шәкіртақы мөлшерін жыл сайын «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры белгілейді.
Ғылыми жұмыстар тақырыбының тізімі компанияда қалыптасады және өндіріс саласындағы өзекті мәселелерді қозғайды. Студент өз тақырыптарын да ұсына алады.
Байқау өткізілетін мерзім – 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап 2019 жылдың 31 мамырына дейін. Қатысу үшін өтініштерді толтырып, 14 қарашаға дейін «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қызметкерлермен жұмыс бойынша басқармасына жолдау қажет.