«Ақмола электр желілік үлестіру компаниясы» АҚ қызметкері Денис Клименко жыл сайынғы республикалық тарату желілерін жөндеу мен оларға қызмет көрсету бойынша оперативті жөндеу қызметкерлерінің кәсіби байқауында үздік электромонтер атанды.
Одан бөлек, құрамында «АЭҮК» АҚ бас инженерінің кеңесшісі Владимир Августинович Баранов болған бесінші кезеңнің әділ қазылары ең объективті қазылар ретінде танылды.
Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай байқаулар жұмыс мамандықтарын дамытып, еңбек өнімділігін арттыруға үлес қосады.