2015 жылдың 29 шілдесінде «Солтүстік Қазақстан электр желілік тарату компаниясы» АҚ мемлекеттік органдар, БАҚ және қоғам өкілдеріне арнап кәсіпорынның жаңғырту және қайта құру жұмыстары жасалып жатқан нысандарына баспасөз турын ұйымдастырды.
«Компанияның қызметі біздің тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың барлық параметрлерін жақсартуға бағытталған. Біз үшін ең бастысы – Петропавл қаласы мен біз қызмет көрсететін Солтүстік Қазақстан облысының аудандары тұрғындарына қызмет көрсету сапасын көтеру болып табылады. Бұл үшін заманауи, жетекші қондырғыларды ендіру мен қолданыстағыларды жаңғырту, қайта құру және ауыстыру, автоматтандырылған басқару жүйелерін енгзіу жұмыстары атқарылуда. Инвестициялық бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар нәтижесінде қондырғылардың тозуы төмендеп, электр энергиясының шығындары азаюда. 2014 жылы электр желілерінің қондырғыларын жаңартуға 1,05 млрд теңге бағытталды (жоспар 3 млн теңгеге артық орындалды). Айта кету керек, 2010 жылдан бері компания нормативтен тыс шығындардың бәрін жойды. Ал нақты шығын деңгейі 2014 жылғы жоспар бойынша 13,4% болған болса, шын мәнінде 10,17% құрады», – деп атап өтті «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ бас директоры Александр Рейзлин өз сөзінде
Энергоқамту бағдарламасы шеңберінде 2014 жылы кәсіпорын Петропавл қаласында 29,4 млн теңгеге «жалаңаш» 10,95 км 0,4 кВ әуе желілерін ӨОС (өздігінен берілетін оқшауланған сым) маркалы сымға ауыстырып, қайта құрса, Қызылжар ауданында 49,7 млн теңгеге 10,16 км желіде жұмыс жүргізді. Сондай-ақ, ЭКЕАЖ монтаждалған 10/0,4 кВ 5 КТШС (кешенді трансформаторлы шағын станция) қайта құрылды. ӨОС орнату электр энергиясын келісімшартсыз тұтыну мүмкіндігін толықтай жоққа шығарады, энергиямен қамту сенімділігін арттырады және электр энергиясы шығындарын болдырмайды.