Павлодар 3-ЖЭО мамандары қазандық цехын цифрландыру процесін аяқтады. Технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйесі (ТП АБЖ) барлық алты қазандық агрегатта орнатылған. Заманауи цифрлық технологиялар станцияның операциялық тиімділігін арттырып, қазандық агрегаттарын, сондай-ақ қосалқы жабдықты қауіпсіз, үнемді және сенімді басқаруды қамтамасыз ету мүмкіндігін береді.
Соңғы - алтыншы қазандық агрегатында технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін орнату биыл 2025 жылғы инвестициялық бағдарламаға сәйкес жүргізілді. Бұл цехты цифрландырудың соңғы кезеңі, онда ұқсас заманауи микропроцессорлық жүйелер бес басқа қазандық агрегатында сәтті жұмыс істеуде.
«Жаңа микропроцессорлық АБЖ релелік логикаға негізделген ескірген басқару схемаларын алмастырды, - деп атап өтті Автоматтандырылған басқару жүйелері басқармасының бастығы Павел Чесноков. – Бұл қазандықтың техникалық жай-күйін және 3-ЖЭО операциялық тиімділігін айтарлықтай жақсартып қана қоймай, сонымен қатар қазандықтың жұмыс режимін оңтайландыру, оның қызмет ету мерзімін және тиімділігін арттыру, станцияның тұтастай сенімділігін арттыру мүмкіндігін береді».
Сонымен қатар, өндірісті автоматтандыру жедел персонал үшін заманауи, автоматтандырылған жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Жылумен жабдықтау сенімділігін арттыру
Қазандық цехын цифрландырумен қатар, биыл станция қызметкерлері станцияның турбина цехында жылу желісіне автоматтандырылған басқару жүйесін орната отырып, жылу желісін толықтыру схемасын ауқымды қайта құрылымдауды жүргізді.
Цифрлық жүйе барлық технологиялық процестерді оңтайландырып, мұқият бақылау мүмкіндігін береді. Жоба ескірген жабдықты, оның ішінде: сорғыларды, құбырларды, бақылау-өлшеу құралдарын, ілмекті арматураны толық ауыстыруды қарастырған.
Бұл қайта құрылымдау жұмыстарының басты мақсаты - қалалық жылу желілері мен Павлодардың солтүстік аймағының өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін екі тәуелсіз толықтыру схемасын құру.
Павел Чесноков атап өткендей, мұндай бөлу желілердегі ақауларды жедел анықтап, жоюға кепілдік береді, жабдықтың сенімділігін арттырады және станцияның қауіпсіз және үнемді жұмысын қамтамасыз етеді.
Бұл кешенді жаңғырту жұмыстары «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның инновацияларға және Павлодар тұтынушыларын тұрақты, сапалы және қауіпсіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге деген ұмтылысын көрсетеді.
