Халықаралық еңбек ұйымының ықпалымен 28 сәуірде Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні атап өтіледі. «ОАЭК» АҚ-ның еншілес ұйымдарында кәсіпорындық мекемелер мен бірінші басшылардың қолдауымен қауіпсіздік және еңбекті қорғау мамандарымен осы датаға арналған шаралар ұйымдастырылды.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мен оның еншілес кәсіпорындарында Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні аясында келесідей шаралар өтті:
- ақпараттық қабырғаларда ескертпелер, үгіт-насихаттық плакаттар, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Бас директорының Бүкіләлемдік еңбекті қорау күнне арналған алғы сөзі ілінді;
- барлық құрылымдық бөлімшелерде қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың мақсатты тексерулері болды;
- өндірістік жиналыстар өткізілді;
- аумақты абаттандыру мен санитарлық тазалау бойынша шаралар өтті;
- «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының ықпалымен «Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні» тақырыбында КВН ұйымдастырылды. КВН-ге 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, ЭЖЭО, «ПЭТК» АҚ, «Павлодар жылу желілері» ЖШС, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС командалары қатысты. Барлық қатысушыларға марапаттау қағаздары және ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Сонымен қатар, «ПЭТК» АҚ-да «Еңбекті қорғау мен жұмыс өндірісі кезіндегі техникалық қауіпсіздік» тақырыбында карикатуралар байқауы, «Павлодар жылу желілері» ЖШС-да «Менің ата-анам қауіпсіз жұмыс істейді» тақырыбында балалардың сурет байқауы, «Өзінің кәсіптік міндеттерін атқарудағы қауіпсіздік» тақырыбында үздік қабырға газетіне немесе видеороликке байқау өтті.
Іс-шаралар «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да, «Петропавл жылу желілері» ЖШС-да, «АЭҮК» АҚ және бөлімшелерінде, «Астанаэнергосбыт» ЖШС де өткізілді.