«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ұйымдастыруымен болашақ энергетиктер арасындағы «PROFENERGY» жобасы аясында ғылыми жұмыстар байқауы өтті.
Б.Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері Любовь Бартель және Алина Морхова стипендияның иегерлері болып танылған .
Жоба жайлы:
2015 жылы «ОАЭК» АҚ компаниялар тобында «PROFENERGY» жобасы басталған болатын. Жобаның мақсаты — жас мамандарды қолдау және кәсіпорынның негізгі/қосалқы мамандықтарына жоғары оқу орындарының түлектерін тарту, қызметкерлер құрамының білім алу деңгейін көтеру және дамыту, білікті жұмысшыларды ұстап қалу. «PROFENERGY» жобасы оқушылар үшін көптеген мүмкіндіктерді ашады. 2016 жылдан бастап жоба Корпорацияның барлық кәсіпорындарында іске асып жатыр, оның ішінде «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да да.