Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «СЕВКАЗЭНЕРГО»АҚ-ның Петропавл 2-ЖЭО-де Т95/105-90 ст. №5жаңа турбоагрегат қолданысқа берілді. Желіге жаңа турбина қосу электр энергиясын жылына 700 млн-нан астам кВт⋅сағ-қа өндіруге мүмкіндік береді.
Петропавл 2-ЖЭО қуаты бірнеше есеге артты: жаңа №5 турбоагрегатын іске қосумен станцияның орнатылған қуаты 541 МВт-ге жетті. Бұл соңғы үш жылдағы жаңа үшінші турбина. 2013 жылдың желтоқсанында №4 турбоагрегат қолданысқа берілген болатын, 2015 жылдың қазанында №1 турбоагрегат алғашқы киловаттарын өндірді. Жаңа №5 турбоагрегат станцияда 1965 жылдан бері, жарты ғасырдан астам қызмет еткен жабдықтың орнына қойылды. Жобаның жалпы құны 6,6 млрд теңгені құрады.
Қайта өңдеудің басты мақсаты сенімділік пен станция жұмысының үнемділігін арттыру: өндіруші жабдықтардың тозуы 10,19%-ға төмендейді, сонымен қатар өнім бірліктерін шығару үшін отынның салыстырмалы шығыны төмендейді, бұл жылына 2 596 тонна көмір үнемдеуге мүмкіндік береді. Жаңа жабдықты іске қоса отырып, станция аумақтың күннен күнге артып келе жатқан электр- және жылу энергиясына тапшылығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар Солтүстік-Қазақстан облысының бизнес-жобалары мен өнеркәсібінің дамуына үлес қосады.
Сонымен бірге 2016 жылдың 12 желтоқсанында Петропавл 2-ЖЭО-де қайта өңдеуден кейін №12 қазанагрегат іске қосылды. Жоба құны 3,8млрд теңгені құрады. Қайта өңделген қазанагрегаттың арқасында станцияның бу бойынша орнатылған қуаты сағатына 50 тоннаға ұлғайды, қазандардың пайдалылық әрекетінің жалпы көрсеткіші 90,8%-ға жетпек. Жабдық жыл бойы 4 240 тонна көмір үнемдеуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде ластайтын заттектердің шоғырлану көлемін азайтады.
«СЕВКАЗЭНЕРГО»АҚ-ның Петропавл 2-ЖЭО-ні кеңейту және қайта құру Тұжырымдамасына сәйкес 2012-2020 жылдар аралығында станцияда айырбастау мен қайта құру жобалары іске асады: турбина цехының жабдығы 71,4%-ға, қазан цехыныкі - 50%-ға жаңартылады.Бу турбиналары мен қазанагрегаттарды қайта құру жобаларының барлығы заманауи технологиялық процесстерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізуді қарастырады. Бұл өз кезегінде жабдықтың өнімділігін арттырып, станцияның экологиялық көрсеткіштерін ұлғайтады.
Компания 2017 жылы №2 турбоагрегатта технологиялық процесстерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінорнатуды, жүк түсіру құралдарын қайта құруды және ОРУ-110кВ-ны қайта өңдеу жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр.