Бүгін өзінің 50 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар аясында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Павлодар облысының энергия жүйесін басқарудың авариялық жағдайларды бастапқы кезеңдерде алдын алатын жаңа диспетчерлік пунктін қатарға қосты. Сондай-ақ Павлодар энергокомпаниясының негізінде Қазақстанның ірі жеке энергетикалық компаниясы болып табылатын «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ –тың заманауи дата-орталығы ашылды.

Павлодар облысының энергия жүйесін басқарудың Жаңа Орталық диспетчерлік пункті (бұдан әрі - ОДП) өңірдегі барлық энергия өндіру көздерінің жұмысын, электр беру желілеріндегі электр қуатының жүрісін шынайы уақытта қадағалап отыруға мүмкіншілік береді.

«Бүгін іске қосылған диспетчерлік пункт бүкіл энергия жүйесі жұмысының сенімділігін едәуір арттырады, өйткені мүмкін болатын авариялық жағдайларды бастапқы кезеңде алдын алуға болады,  - деп түсіндірді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-тың Бас директоры  Олег Перфилов. - Авариялық ажырату болған жағдайда да, Павлодар облысының электрмен жабдықтау жүйесіндегі бұзушылықтардың себебін іздеуге және жоюға кеткен уақыт мейлінше қысқарады».

Павлодардың энергия торабын жедел басқаруға арналған экран қосалқы станциялардан келіп түсетін ақпараттар сақталып өңделетін серверге қосылған 16 сұйық кристалды монитордан тұрады. Жуық арадағы жоспарда диспетчерлік пунктті келіп түсетін ақпаратты көрсетудің мүмкіншіліктерін кеңейту үшін қосымша мониторлармен жабдықтау тұр.

Бүгін Павлодарда ашылып отырған тағы бір жоғары технологиялық жоба – деректерді Өңдеу Орталығы (ДӨО). Бұл дата–центр «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ («ЦАЭК» АҚ) тобына кіретін Павлодар, Солтүстік-Қазақстан және Ақмола облыстарындағы, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларындағы кәсіпорындардағы қазіргі заманғы ақпараттық жүйенің үзіліссіз жұмысын қамтамасыз етеді. Жұмыстың сенімділігі заманауи технологияларды, атап айтқанда: деректердің бұлттық қоймаларын және виртуалды серверлерді  ендірудің есебінен қамтамасыз етіледі. ДӨО серверлерінде EAM-шешім (EnterpiseAssetManagement) болып табылатын Ellipse бағдарламалық жасақтамасы орнатылған. Бұл ақпараттық жүйе сатып алуды жоспарлау процестерінен бастап, Топтың барлық өндірістік активтеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеу үдерістерін автоматтандырылған жобалау процестеріне дейін кәсіпорынның негізгі қорларын басқаруға арналған. Ellipse атоматтандырылған жүйесі осындай функциялылығымен және осындай ауқымда Қазақстанда алғаш рет енгізіліп отыр. Резервтік қорек жүйесі бар ДӨО қуатын іске қосу объектіні модернизациялаусыз 12-15 жылға есептелген. Сондай-ақ, ДӨО автоматтандырылған жүйелерді:  энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың Электр энергиясының есебін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін (ЭЭЕБАЖ), Технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйесін (ТП АБЖ), энергия өткізу компанияларының биллингтік жүйелерін, «ЦАЭК» АҚ компанияларындағы бухгалтерлік есеп пен персоналды басқарудың қолданбалы бағдарламаларын басқаруды шоғырландырады. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қараша айында Астана қаласының «Астанаэнергосбыт» ЖШС коммуналдық қызметтері бойынша бірыңғай төлем құжаты сияқты онлайн-сервистерді көшіру жоспарланған. 

Екі жоғары технологиялық жобаның Қазақстанның ірі энергетикалық компанияларының бірі болып табылатын «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-тың 50-жылдығын атап өту қарсаңында ендіріліп отырғанының мәні айрықша. «ЦАЭК» АҚ компанияларының барлық тобы бойынша іске асырылып отырған модернизациялау жөніндегі инвестициялық бағдарлама шеңберінде «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» кәсіпорындарында инновациялық ИТ-жобалар енгізілуде, атап айтқанда: 2015 жылы барлық «еншілес» кәсіпорындарды талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы бірыңғай ақпараттық желіге біріктіру аяқталды. Бұл технологиялар қазіргі заманғы бағдарламалық жасақтаманы ендірудің, бірегейлендірілген желілік жабдықты пайдаланудың есебінен «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-тың барлық бөлімшелерінің жұмысын жақсартады, бұл халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырады.